Қордай ауданының прокуратурасы құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында «Халық заңгері» және «Қоғаммен байланыс» акцияларын өткізді.
Іс-шара барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған Қордай ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана қабылдауға келген. Аталған әйел ата-анасыз өсіп, бала кезінен ауылда әжесінің тәрбиесінде болған. Өмірлік мән-жайларға байланысты ол уақытында құжаттандырылмаған.
Оның өмір бойы жеке куәлігі болмаған, бұл жағдай оның мемлекеттік қызметтерге, әлеуметтік қолдауға және еңбекпен қамтуға қол жеткізу мүмкіндігін едәуір шектеген.
Прокуратураның үйлестіруші шараларының нәтижесінде оған қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу бойынша көмек көрсетіліп, уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.
Нәтижесінде ол алғаш рет жеке куәлік алып, Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі құқықтық мәртебесі қалпына келтірілді.
Прокуратура органдары қызметінің әлеуметтік маңызы зор, өйткені ол осал жағдайдағы азаматтарға атаулы құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайту жөніндегі жұмыс жалғасын табатын болады.
#Заңментәртіп
Жамбыл облысының прокуратурасы