Ірі салық төлеушілердің қызметін прокурорлар талдау барысында пайдалы қазбаларды өндіруге маманданған кәсіпорынның әрекеттерінен салық міндеттемелерін төмендету анықталды.
Атап айтқанда, компания бағалы қағаздар бойынша төлемдерді негізсіз ұлғайтып, оларды салықтық шегерімдерге жатқызған.
Сонымен қатар компанияның жылдық табысы шығарылған облигациялардың құнынан төмен болған, бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтару белгілерін көрсеткен.
Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша салықтық тексеру жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар расталды және оның нәтижелері бойынша бюджетке 1,1 млрд теңге өндірілді.
Салық заңнамасының сақталуы және бюджеттің уақтылы толықтырылуы мәселелері облыс прокуратурасы органдарының ерекше бақылауында.
Жамбыл облысының прокуратурасы