Жамбыл облысының прокурорлары мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығын қорғады

Жамбыл облысының прокурорлары мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығын қорғады

Жуалы ауданының прокуратурасы жолданымды қарау нәтижесімен  мүгедектігі бар азаматшаның тұрғын үй кезегінен заңсыз шығару фактісін анықтады.

Анықталғаны 2013 жылы аудан тұрғыны жергілікті атқарушы органға тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жүгінген.

Алайда, уәкілетті орган құжаттарды негізсіз қабылдамай, заңды құқығын іске асырудан бірнеше рет бас тартқан.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен азаматшаның тұрғын үй алуға кезектілік бөлігінде құқығы қалпына келтірілді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс прокурорлардың ерекше бақылауында.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы