
Жамбыл облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.
Облыс аумағындағы едәуір кәсіпорындардың қызметінің нәтижесінде қауіпті қалдықтар, оның ішінде пайдаланылған жабдықтар мен майлар, бұрғылау қалдықтары, сондай-ақ құрамында қауіпті заттары бар басқа да қалдықтар пайда болатыны анықталды.
Өңірде қауіпті қалдықтарды жою үшін мамандандырылған полигондардың жоқ болуына байланысты кейбір табиғат пайдаланушылар «сұр схемаларды» қолдануға жүгінгенін талдау көрсетті.
Атап айтқанда Экология департаментіне қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу және жою үшін үшінші ұйымдарға беру туралы есептер ұсынылған.
Алайда қалдықтар тиісті лицензиясы жоқ кәсіпорындарға берілгені немесе қалдықтарды қабылдау және жою қызметтері бойынша келісімшарттардың формальды сипатта болғаны және орындалмағаны анықталды.
Нәтижесінде қауіпті қалдықтарды арнайы полигондарға бақылаусыз орналастыруға жағдай жасалған, бұл қоршаған ортаның ластануына және халықтың денсаулығына зиян келтіру қаупін тудырды.
Қадағалау актісі бойынша бейінді Департаментпен 8 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты ӘҚБтК-нің 344-бабының 4-бөлігі бойынша жалпы сомасы 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Сонымен қатар, қауіпті қалдықтарды басқару саласында заңбұзушылықтарға жол берген объектілердің операторларымен бұрын жасалған қалдықтарды жою туралы келісімшарттар бұзылды.
Аталған салада экологиялық заңнаманың бұзылуын анықтау және алдын алу жұмыстары жалғасуда және Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бақылауында.
Жамбыл облысының прокуратурасы