Облыстың құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Облыстың құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Ағымдағы жылдың 23 қазанында облыс прокуроры Н.М.Әбдіровтің төрағалығымен Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде онлайн режимінде облыс әкімінің орынбасары Е.Ж.Жылқыбаевтың және уәкілетті органдардың бірінші басшыларының қатысуымен халықты жұмыспен қамту саласындағы 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында заңдылықты сақтау мәселелері қаралды.

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын бөлу кезінде дұрыс емес жоспарлауға, сондай-ақ қаржылық және басқа да бұзушылықтарға қатысты бірқатар жүйелі проблемалар анықталды. Барлық деректер бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды.

Отырыста аудан әкімдері мен облыс әкімдігінің салалық басқармаларына олардың жұмысында белгіленген кемшіліктер көрсетілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтар көтерген және жергілікті жерлерде шешімін таппаған жекелеген мәселелер қаралды.

Жауапты тұлғаларға жағдайды түзету және алдағы уақытта заңдылықты бұзуға жол бермеу бойынша шаралар ұсынылды.

Мемлекеттік органдар сайлау кезеңінде заңдылықты қамтамасыз етуге бағдарланды.