Жамбыл облысы прокуратурасының алқа отырысында 2025 жылдың жұмыс қорытындылары қаралды

Жамбыл облысы прокуратурасының алқа отырысында  2025 жылдың жұмыс қорытындылары қаралды

Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен өткен алқа отырысында 2025 жылдың жұмыс қорытындылары қаралды.

Ағымдағы жылы прокуратура қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық беріп, қадағалау қызметінде тиімді тәсілдерді қолданды.

Облыс прокуратурасы азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауды, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтитын «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізді.

***

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау барысында құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін 36 «қызыл аймақ» анықталды.

Мәслихаттар тарапынан полиция мен әкімдіктер үшін профилактикалық индикаторлар бекітілген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстар 54,8%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 11,1%-ға, адам өлтіру 16,7%-ға, ұрлық 35,2%-ға, қарақшылық 38,5%-ға, тонау 36,2%-ға, зорлау 19%-ға, 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас жасау 52,6%-ға, бұзақылық 19%-ға және басқа да бірқатар қылмыстардың деңгейі төмендегені байқалады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өңірдің өзекті проблемалары Үйлестіру кеңесінің 8 отырысында қаралды.

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында жыл басынан бастап 7 жоба іске қосылды («Қоғаммен байланыс», «Есірткісіз болашақ», «Қауіпсіз шекара», «Қауіпсіз балалық шақ», «Қауіпсіз еңбек», «Қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу»).

«Есірткісіз болашақ» жобасы аясында есірткі қылмыстарын анықтауы 10,1%-ға, оларды өткізу фактілері 2,3%-ға артты, заңсыз айналымнан алынған есірткі көлемі 37,7%-ға, оның ішінде синтетикалық есірткілер 115,8%-ға өсті. Табиғи түрде өсетін қарасораның шамамен 4 мың тоннасы жойылды.

Есірткі өткізумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, 1 фито және 2 нарколабораторияның қызметі тоқтатылды, жалпы сомасы 64,4 млн теңгені құрайтын 4 304 банк шоттары бұғатталды.

«NarkoShekteuTaraz» телеграм-боты арқылы 4 мыңнан астам есірткі сайттары бұғатталып, 900-ден астам граффити жойылды.

«Қауіпсіз шекара» жобасы шеңберінде заңсыз көші-қонмен айналысқан топтың ұйымдастырушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында «CyberShekteuTaraz» телеграм-боты арқылы 2 «SIM-box» құрылғысы және 721 күдік келтірген сілтеме анықталды, «Antifrod-Center» жүйесі арқылы 82 млн теңге сомасындағы 165 банк шоты бұғатталды, оның 18 млн теңгесі прокурор қаулылары негізінде жәбірленушілерге қайтарылды.

Дропперлерге қатысты 46,5 млн теңге сомасына 33 талап-арыз қанағаттандырылып, жәбірленушілердің 262 млн теңге көлеміндегі берешектері тоқтатылды.

200-ден астам интернет-алаяқтық жасаған топ әшкереленіп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ашылу деңгейі 37,4%-ды құрады.

Сондай-ақ прокурорлар тарапынан қамаудан 30 адам, қызметтік үй-жайлардан 23 адам және уақытша ұстау изоляторынан 7 адам босатылды.

Адам өлтіру қылмыстарын тергеп-тексеру оңтайландырылды: 2024 жылы 10 тәулікке дейін 9 іс аяқталып, сотқа жолданса, ағымдағы жылы 3 тәулікке дейін 5 іс аяқталды.

Барлығы 152 қадағалау актісі енгізіліп, оларды қарау нәтижесінде қылмыстық қудалау органдарының 446 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде облыстық деңгейде 10 және аудандық деңгейде 31 басшы  құрам бар.

Қызметтің негізгі көрсеткіштерін цифрлық бағалау және қалалық, аудандық прокурорлар арасындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында KPI (негізгі тиімділік көрсеткіштері) жүйесін енгізу бастамасы көтерілді.

Қазіргі уақытта жоба пилоттық режимде іске асырылуда.

***

Мемлекеттік айыптаушылардың қатысуымен 1649 адамға қатысты 1412 іс қаралып, олардың нәтижесімен 1330 адамға қатысты 1145 айыптау үкімі шығарылды.

Прокурорлардың өтінішхаттары бойынша апелляциялық сотта 78 адамға қатысты қаралған 78 істің 66-сы заңға сәйкестендірілді.

Жоғарғы Сотпен кассациялық тәртіпте сот актілерін қайта қарау туралы прокурорлардың 11 өтінішхаты қанағаттандырды.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 31 ашық сот отырысы өткізілді.

***

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 73 953 азаматтың құқықтары қорғалды, оның ішінде конституциялық құқықтар – 6 451, түрлі жауаптылыққа 1 671 адам тартылды.

Бюджетке 2,4 млрд теңгеден астам қаражат, 8,2 млрд теңгеге мүлік қайтарылды, 50 млн. теңге айыппұл төленді.

Бюджеттен 9,8 млрд теңге негізсіз шығындар алынып, 29 млрд теңгеге 95 заңсыз мемлекеттік сатып алу тоқтатылды

Салық түсімдерінің толықтығын талдау нәтижесінде 1 млрд теңге өндірілді, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының 11 лауазымды тұлғалары жауаптылыққа тартылды.

Еңбек саласында 1 213 жұмысшыға 241 млн. теңгеге жалақы қарызы өтелді және 2 403 жұмысшыға 231 млн. теңгеге міндетті зейнетақы жарналары аударылды.

Жалпы прокурорлар 16 мыңнан астам жұмысшының 470 млн. теңгеге құқықтарын қорғады.

«Қауіпсіз еңбек» жобасы аясында қаладағы ірі кәсіпорындарға QR-кодтар жүйесі енгізілді, бұл жұмысшыларға тікелей уәкілетті органдарға жүгінуге мүмкіндік береді.

Бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу аясында 15 лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жалпы 780 млрд теңге инвестиция құрайтын 26 инвестордың құқықтары қорғалды.

Жалпы прокурорлар 3,1 трлн теңге көлеміндегі жалпы инвестициялармен 62 инвестициялық жобаны сүйемелдейді.

***

Қайталанатын қылмыс деңгейін төмендету басым бағыттардың бірі болды.

«Сотталғандардың өңірде қылмыстық жауапкершілікке әсерін азайту» Жобасы кеңейтіліп, «Қайта құқық бұзушылықтардың превенциясы» жобасына ауыстырылды.

Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша қайта құқықбұзушылықтардың тұрақты төмендеуі байқалды, атап айтқанда, пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар арасында - 35%-ға, бұрын сотталған - 17,6%-ға, сондай-ақ соттылығы жойылған және жойылмаған адамдар арасында 7,3%-ға төмендеген.

***

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында прокуратура «Қоғаммен байланыс» жобасын жүзеге асырылуда, ол заңдылық пен құқық тәртібін нығайту шеңберінде халықпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Осы бағытта өңірде 50 мыңнан астам адамды қамтитын, уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен 200-ден астам азаматтарды қабылдау акциялары өткізілді.

Прокурорлар 120 мыңнан астам азаматтың құқықтарын қозғайтын мәселелерді анықтап, жедел шешті, сондай-ақ 13 мың тұрғынның құқықтарын қорғады.

4,5 мыңнан астам азаматқа кәсіби құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ 600 өтініш оң шешім тапты.

Облыс прокуроры Жамбыл, Байзақ, Талас, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарына шығып кездесу өткізді.

Жобаны жүзеге асыру 2026 жылы да жалғасады.

***

Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры басым бағыттарды анықтап, келесі жылға нақты тапсырмалар берді.

Облыс прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күрес және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырады, бұл қадағалау қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы