Жамбыл облысы прокуратурасының алқасында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Жамбыл облысы прокуратурасының алқасында  азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен өткен алқа отырысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және азаптаулардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Отырысқа құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары қатысты.

Биыл прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік кабинеттерінен және уақытша ұстау изоляторларынан 30 азаматты босатты.

Сондай-ақ, прокурорлар жүргізген тексерулер барысында анықталған қылмыстық қудалау органдарының жүйелік кемшіліктері мен бұзушылықтары талқыланды.

Облыс прокуроры Берік Әбілов азаптаулармен күресу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдарының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бірлескен күш-жігердің арқасында заңсыз қылмыстық қудалау орбитасына тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 70%-ға, яғни 10-нан 3 фактіге дейін төмендеді.

Цифрландырудың дамуын ескере отырып, қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарында келушілер үшін биометриялық жүйені енгізу ұсынылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша барлық органдарға азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді және қалалық және аудандық деңгейдегі бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.

 

Жамбыл облысы прокуратурасы