Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде ауыл кәсіпкерлерінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде ауыл кәсіпкерлерінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Қордай ауданының прокуратурасымен кәсіпкерлікті қолдау саласындағы заң талаптарының орындалуына талдау жүргізіліп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауылдық кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғандығы анықталды.

«Ауыл аманаты» мемлекеттік жобасы аясында 102 ауыл кәсіпкері мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелер алып, кепіл ретінде мүліктерін өткізген.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер өздерінің кредиттік шарттар бойынша барлық міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындаған.

Алайда кәсіпкерлердің бірнеше рет жүгінуіне және несиелеу мерзімінің аяқталғанына қарамастан, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен ауыл шаруашылығы басқармасы 6 ай бойы олардың кепілдік құжаттарын қайтармай, адал кәсіпкерлердің заңды құқықтарын шектеген.

Прокуратураның қабылдаған қадағалау шараларының нәтижесінде кәсіпкерлердің мүліктеріне қойылған барлық шектеулер алынып, кепілдік құжаттар заңды иелеріне толықтай қайтарылды.

Сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура азаматтар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.      

 

Жамбыл облысының прокуратурасы