Жамбыл облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Жамбыл облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Байзақ ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік субъектілерін террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне негізсіз енгізу фактісін анықтады.

Бақылаушы органдар тарапынан тексерулер жүргізу үшін осындай объектілердің көрсетілген тізбеде болуы негіздердің бірі болып табылады.

Атап айтқанда, прокуратура аудан минимаркеттерінің бірі өзінің техникалық сипаттамалары бойынша аталған объектілерге жатпайтынын анықтады.

Осыған ұқсас фактілер тағы 3 кәсіпкерге қатысты анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде 4 кәсіпкерлік субъектісі жоғары көрсетілген тізбеден шығарылды, бұл олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы