Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Қараой ауылында прокуратура органдары қайтарған активтердің есебінен жүзеге асырылған ауызсу саласындағы әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс прокуроры Берік Әбілов, аудан әкімі, қоғамдық өкілдер, ауыл ақсақалдары мен құрметті тұрғындар қатысты.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары 90 жыл ішінде алғаш рет сапалы ауыз суды орталықтандырылған жүйе арқылы алатын болады.
Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап нысан пайдалануға берілді, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және олардың маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірін шешуге бағытталған маңызды қадам болды.
Ауыл тұрғындары мемлекеттік органдарға және жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғаларға алғыс білдіріп, атқарылған жұмыстың ауылдың тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Бүгінгі күні Үкімет денсаулық сақтау, білім беру, спорт және сумен жабдықтау салаларында 420-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобаны қаржыландыруды мақұлдағанын атап өткен жөн.
Жамбыл облысының прокуратурасы