
«Заң мен Тәртіп» принципін ілгерілету және «Таза Қазақстан» концепциясын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасының қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау бойынша сенбілік өткізді.
Іс-шараға облыс прокуроры Берік Әбілов және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – жасыл желектерді көбейту – шырша көшеттерін отырғызу болды.
Бұл акция прокуратура ұжымының қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау ісіндегі үлесі болып табылады.
Іс-шара барысында ұжымдық өзара әрекеттестік нығайтылып, қызметкерлер қоғамның экологиялық игілігіне өз үлестерін қосты.
Жамбыл облысының прокуратурасы