
Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен қылмыстың қайталануын азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.
Пробациядағы, әкімшілік қадағалаудағы және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған (ШТМБ) тұлғалар арасында қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы жұмысты күшейту мәселелері қаралды.
Облыс прокуроры прокуратураның «Қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу» жобасы аясында қабылданған бірлескен шаралардың нәтижесінде пробация қызметінің есебіндегі тұлғалары арасында бұрын жасалған қайталанатын қылмыстар 20%-ға, сотты болғандармен 37,4%-ға және соттылығы өтелмегендермен 3,9%-ға құқық бұзушылықтардың саны төмендегенің атап өтті.
Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін «FSM Social» платформасы негізінде цифрлық технологияларды қолданумен жұмыс істеудің жаңа форматы енгізілді.
«Пробация үйі» ашылды, 200 бірлік электронды басқару құрылғылары және 30 бірлік заманауи компьютерлер сатып алынды.
«Цифрлық отбасы картасы» сияқты құқық бұзушылықтың алдын алудың цифрлық құралдарын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтау үшін интеллектуалды бейнебақылау камераларын пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.
Қадағалау органдары, атқарушы органдар және азаматтық ұйымдар арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруге, сондай-ақ қадағалау шарттарының сақталуы мен уақытылы әрекет ету шараларына ерекше назар аударылды.
Облыс прокуратурсының тексерісі нәтижесінде рақымшылықпен босатылған тұлғалардың тұрғылықты жеріне келмеуі, олардың әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілерін анықтады. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Сонымен қатар, а.ж. Пробация қызметінің жазасын өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзған 86 тұлға бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.
Алқа мәжілісінде цифрландыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және сотталғандарға рақымшылық заңын қолдану жұмыстары аясында тиісті шаралар қабылдау бойынша қосымша шаралар белгіленді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша барлық органдарға өзара іс-қимылды күшейту және қылмыстың қайталануымен күресу шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысының прокуратурасы