Тәулік бойы қолжетімділік: Сарысу ауданы прокуратурасымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды

Тәулік бойы қолжетімділік: Сарысу ауданы прокуратурасымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды

 Сарысу ауданының прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарының бұзылу фактілері анықталды.

2025 жылғы 4 наурызда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық бірлестікпен мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау (инватакси) бойынша қызмет көрсету үшін 7 млн теңге сомасына келісімшарт жасасқан.

Техникалық сипаттамаға сәйкес инватакси аптасына 5 күн, ал мереке күндері - тек 8 сағат жұмыс істеуі керек еді.

Мұндай жағдайлар қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарына айтарлықтай нұқсан келтірді.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде инватакси қызметінің кестесі қайта қаралып, заңға сәйкестендірілді.

Қызметтер енді демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы қолжетімді, бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

 

 

  Жамбыл облысының прокуратурасы