Жамбыл облысының прокуратурасы облыстың ҚАЖД-нің түзеу мекемелерінде сотталғандардың конституциялық құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.
Жеке істерді зерделеу барысында тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқан, мекеменің ішкі тәртібін сақтауға бағытталған түрлі бағдарламаларға қатысқан, қылмыспен келтірілген зиянды өз еркімен өтеген сотталғандардың мінез-құлқының оң дәрежесін уақытылы айқындамаудың 23 фактісі анықталды.
Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес жазалауды даралау мақсатында сотталғанның мінез-құлқы міндетті түрде бағалануы тиіс.
Алайда мекеме қызметкерлері оң мінез-құлық дәрежесін белгілемегендіктен, сотталғандардың құқықтары бұзылған.
Мысалы, №58 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған Н., мекемені абаттандыру жұмыстары үшін көтермеленгеніне қарамастан оның оң мінез-құлқы уақытылы айқындалмаған, нәтижесінде ол жазаны жеңілдету туралы өтінішхат беру мүмкіндігінен шектеген.
Прокуратура қадағалау актісін енгізді, қазіргі уақытта қаралу барысында.
Қазіргі таңда құқықтары қалпына келтірілген сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхат беру құқығын пайдаланды.
Жамбыл облысының прокуратурасы