Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлар кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Жамбыл ауданына барып, жергілікті кәсіпкерлермен және ірі инвесторлардың өкілдерімен кездесті.
Прокуратура тарапынан белсенді сүйемелдеудің арқасында бизнес жүйелі мәселелерді шешуде нақты қолдау алуда.
Мәселен, ауданда ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру барысындағы кедергілерді алып тасталынды: «КнауфГипсТараз» ЖШС неміс-қазақстандық компаниясы құны 14,5 млрд теңге болатын гипсокартон плиталары мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салу үшін жер учаскесін алды.
Сонымен қатар, сүт өнімдері мен құс шаруашылығына маманданған инвесторлар «AzNur Agro» ЖШС- мен «Рыжибаев» ЖК-нің құқықтары қорғалған. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді дамытуға 2,3 млрд теңге салды.
Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы үшін оларға жеңілдетілген тариф бойынша электр энергиясын алу мүмкіндігі берілді.
Жалпы, өткен жылы өңірдің прокурорлары 3 млрд теңгеге жуық салым сомасын құрайтын 6 кәсіпкерге және әлеуметтік маңызы бар өнім шығарумен айналысатын кәсіпкерлерге көмектесті.
«Біздің міндетіміз - бизнестің құқығын қорғау ғана емес, сонымен қатар инвесторлар сенімділік пен тұрақтылықты сезінетін жағдайлар жасау. Бұл жұмыс орындарында және өңір тұрғындарының әл-ауқатында тікелей көрініс табады», - деді Нұрғалым Әбдіров.
Қабылданған шаралар инвестициялық ахуалды нығайтуға, өндірісті дамытуға және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді.
Жамбыл облысының прокуратурасы