Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда.
Мәселен, 2025 жылғы 31 шілдеде Қордай ауданының Кенен ауылында кезекті іссапар барысында жергілікті тұрғындармен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайларды жою, азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан кәсіпкерлер өз пікірлерімен бөлісіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді, ал екі кәсіпкер әкімдікпен тиісті меморандумдарға қол қойды.
Қоғам тарапынан осындай бастамалар өңір бойынша кең көлемде жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірде 32 ауылда кәсіпкерлер алкогольді ішімдіктерді сатудан толықтай бас тартқан.
Азаматтық қоғам тарапынан көрсетілген мұндай қолдаулар қоғамдық тәртіпті нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда.
Атап айтқанда, биыл «алкоголь сатудан бас тартқан» облыстың 11 ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Облыс прокуроры әлеуметтік жауапкершілік пен бизнестің өңір экономикасына қосқан үлесінің артып келе жатқанын, сондай-ақ прокуратураның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Фронт-офисі мен Мобильді топтары арқылы шаралардың күшейгенін атап өтті.
Іс-шара мемлекет пен қоғам арасындағы конструктивті өзара іс-қимылды, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілетуді қамтамасыз етті.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп