
2025 жылғы 9 шілдеде Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен облыс әкімінің, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың превенциясы мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен Форум өтті.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, полицияның аға учаскелік инспекторлары, сондай-ақ пробация қызметінің инспекторлары қатысты.
Форумның мақсаты - тәжірибе алмасу және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу болды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының жолын кесу және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің жеделдігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының басшылары мен Сот сараптамасы институты арасында меморандум жасалды.
Бұл келісім сот сараптамаларының қорытындыларын тәуілктік мерзімінен аспай жедел алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, форум аясында прокурор мен облыс әкімі облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №25 түзеу мекемесінде арнайы киім тігу жөніндегі жаңадан ашылған цехының жұмысымен танысты, онда 100 сотталған тұлғалар еңбек ете бастады.
Әкім Ербол Қарашөкеев сотталғандардың еңбегін түзеу және қайта әлеуметтендіру үшін ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, жұмыспен қамту келтірілген залалдың орнын толтыруға, қоғаммен байланыста болуға және сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектесетінін атап өтті.
Прокуратураның бұл бастамасы облыс бойынша басқа түзеу мекемелерінде де осындай цехтар ашу туралы облыс әкімдігімен қолдау тапты.
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Қайта құқық бұзушылықтар превенциясы», оның ішінде бұрын сотты болған тұлғалар арасындағы қылмыстың 33,1%-ға және пробация есебіндегі тұлғалар арасында 25%-ға төмендету жобасының оң нәтижелерін атап өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың «Отбасының цифрлық картасы» сияқты цифрлық құралдарын одан әрі енгізу, сондай-ақ құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтау үшін интеллектуалды бейнебақылау камераларын пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.
Форум соңында цифрландыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және сотталғандарға рақымшылық жасау жұмыстары аясында тиісті шаралар қабылдау бойынша қосымша шаралар белгіленді.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп