Жамбыл облысында прокурорлар агроөнеркәсіптік кешені саласында жымқыруды анықтады

Жамбыл облысында прокурорлар агроөнеркәсіптік  кешені саласында жымқыруды анықтады

Жамбыл облысының прокуратура органдары бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына ерекше назар аударып келеді.

Бұл ретте, Сарысу ауданының прокуратурасы 38,1 млн теңге көлеміндегі шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықтады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталды.

2025 жылғы 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы