Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен Жаңаөткел ауылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен  Жаңаөткел ауылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды.

Мәселен, 2025 жылғы 30 маусымда Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Жамбыл ауданы Жаңаөткел ауылында сумен жабдықтау жүйесінің ашылу салтанатына қатысты.

 «Бұл бастама мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғамның игілігіне қалай ықпал ететінін және негізгі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасайтынын айқын көрсетеді», - деп Нұрғалым Әбдіров атап өтті.

Бұл объектінің ашылуына дейін ауылда сумен жабдықтау жүйесі болмаған және ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.

Енді жаңа сумен жабдықтау жүйесі 260-тан астам ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы