Заң мен Тәртіп: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қолданыста

Заң мен Тәртіп: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қолданыста

        Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Жамбыл облысында табиғат қорғау прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру болды.

Акция қатысушылары, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар халық арасында танымал «Жеңіс» және «Май тоғайы» саябақтарын тазартты.

Сондай-ақ акциямен облыстың басты су артериясы Талас өзені қамтылған, онда жағалау аумағы мен іргелес тоғай тазартылған.

Акцияға қатысушылар заң мен қоғамдық нормаларды құрметтеудің маңыздылығын өз мысалымен көрсетті.

Сондай-ақ осы акция барлық азаматтарды біздің өңірдің тазалығы мен көркемдігін сақтау жөніндегі бастамаларға қосылуға шақырды.

Халықпен бір мезгілде коммуналдық қалдықтар айналымы мәселелері бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 252 стихиялық қоқыс орны анықталды, жалпы пайдалану орындарының ластануы және белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтардың шығарылуы фактілері бойынша 3 300-ден астам құқық бұзушылық тіркелді.

Рұқсат етілмеген нүктелерден орталық полигонға екі жүз тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

 

#ЗаңменТәртіп