Жамбыл облысында прокурорлардың араласуынан кейін 7 жетім бала баспаналы болды

Жамбыл облысында прокурорлардың араласуынан кейін  7 жетім бала баспаналы болды

Адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру – прокуратура органдарының басты мақсаттары мен міндеттерінің бірі.

Шу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу кезінде оның жалпы санының кемінде 20%-ын жетім балаларға беру талаптарын сақтамаған.

Қадағалау актісін уақтылы енгізу және оның орындалуын қамтамасыз ету нәтижесінде 10 жылдан астам үй кезегін күткен 7 жетім баланың тұрғын үй алу бойынша құқығы қалпына келтірілді.

Олардың әрқайсысы Шу қаласынан жалпы алаңы 64,6 шаршы метрді құрайтын жаңа пәтерлерге ие болды.

Жаңа қоныс иелері тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, өз ошағын құруға мүмкіндік алғандары үшін прокуратура органдарына алғыс білдірді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы