Жамбыл облысы прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі қылмысының алдын алу және онымен күресу жұмыстарын күшейтуде.
Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.
Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді.
Қылмыстық іс тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданды.
Соттың 2025 жылғы 10 маусымдағы үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3)-тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысының прокуратурасы