«Қайта құқық бұзушылықтардың превенциясы» қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілі

«Қайта құқық бұзушылықтардың превенциясы»  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілі

Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және рецидивтік қылмысты азайту мақсатында өңірде «Қайта құқық бұзушылықтардың превенциясы» жобасы іске асырылуда.

Бастама сотталғандарды қолдаудың, бақылаудың және қайта әлеуметтендірудің тиімді жүйесін құруға бағытталған.

Жобаның мақсаттарының бірі - оларды жұмысқа орналастыру.

5 айдың қорытындысы бойынша облыстың ҚАЖ мекемелерінде 1 500 еңбекке қабілетті (2024ж. - 1 632) сотталғандардың ішінен 1 112 (2024ж. - 967) немесе 74% (2024ж. - 59,3%) жұмысқа орналастырылды.

Облыстың кәсіпкерлік субъектілері жұмыс орындарын ашуға қызығушылық танытуда, қолдау жүзеге асырылуда.

Мысалы, «Теңізбаев» ЖК-не №25 Мекемесінде жер учаскесі беріліп, ол өз қаражатына ғимарат тұрғызып, жабдықтар орнатып, сотталғандар үшін 100 жұмыс орнына аяқ-киім тігу өндірісін ашуда.

«Біз сотталғандарды еңбекке тарту арқылы қоғамға қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз».

Жоба шеңберінде «Қайта құқық бұзушылықтардың превенциясы» бойынша жұмыс жалғасуда.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы