Шу ауданында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының шеңберінде облыс прокуратурасы есірткімен күреске жауапты уәкілетті органдардың қатысуымен мекемеаралық мәжіліс өткізді.
Мәжілісте өзара іс-қимылды одан әрі күшейту және осы саладағы кемшіліктерді жою қажеттігіне аса назар аударылды.
Полиция департаментінің құрылымдық бөлімдерінің, атап айтқанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Шу ауданында орналасқан «Дельта-долина» арнайы бөлімшесінің есептері тыңдалды.
Құқық қорғау органдары арасындағы байланысты күшейтудің, есірткі қылмыстарын бақылау және алдын алу бойынша кешенді шаралар енгізудің, сондай-ақ тәуекелдерді азайту және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін халықты есірткінің зияны туралы хабардар ету жөніндегі бағдарламаларды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Бұл жұмыстың негізгі аспектісі, ол бірлескен шараларды жүзеге асыру және қылмыстық топтар туралы ақпарат алмасу болып табылады.
Есірткінің заңсыз айналымындағы қылмыстың ұйымдасқан түрлерінің жолын кесуге ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, прокуратураның бастамасымен құрылған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының оңды жұмысы атап өтілді.
Бұл топтың қызметі Шу ауданында есірткі заттарын өткізумен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеуге мүмкіндік берді, қатысушылары сотталды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта прокуратураның бастамасымен жабайы қарасораны өнеркәсіптік мақсатта пайдалану бойынша заңнамалық ұсыныстар қарастырылуда.
Мәжіліс қорытындысы бойынша барлық мүдделі органдардың жұмысын жақсартып, үйлестіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Облыс прокуратурасы барлық уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп