Н.Нуралиев пен Б.Темірғалиға қатысты қылмыстық іс бойынша

Н.Нуралиев пен Б.Темірғалиға қатысты қылмыстық іс бойынша

21.01.2025 жылы Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша Тараз қаласы №2 сотының 26.03.2024 жылғы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің бұрынғы басшысы Н.Нуралиев мен «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темірғалиға қатысты ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі Жамбыл облыстық сотына жаңадан қарауға жіберген.

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің бұрынғы басшысы Н.Нуралиев пен «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темірғали пандемия кезеңінде Байзақ ауданы мектеп оқушыларына қашықтан оқытуға арналған кеңсе техникасын сатып алу барысында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және 17 007 036 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған.

30.05.2025 жылғы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының айыптау үкімімен Н.Нуралиев ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі (салғырттық) бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 71-бабы 1-бөлігі 3) тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босатылды.

Ал «BSB Trade&Advertising» ЖШС директоры Б.Темірғали ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды.

Апелляциялық сот үкімі жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы