Сарысу ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу ауданының прокуратурасы әлеуметтік  осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал топтарға берілген 184 пәтер бойынша жалдау ақысын есептеу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Жалдау ақысы негізсіз есептелгені, бұл 668 447 теңгеге артық төлемге әкелгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жалдау ақысы қайта есептелінді.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасының араласуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 кәмелетке толмағанға тұрғын үй берілді, ал тағы бір жетім бала тұрғын үй алу кезегіне қойылды.

Осылайша, прокуратура әлеуметтік осал санаттағы 197 азаматтың құқықтарын қорғады.

  

Жамбыл облысының прокуратурасы