Жамбыл облысының прокуроры мен Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл бірлесіп, 2025 жылы балалар арасында жалпы пен жыныстық сипаттағы қылмыстардың өсуі орын алған Қордай ауданына шығу арқылы олардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қарады.
Құқықбұзушылықтардың өсімі оларды анықтау деңгейінің жоғары болуымен байланысты болғандықтан, қылмыстардың алдын алу және профилактика бойынша уәкілетті органдардың жұмысын бағалау үшін арнайы облыстық комиссия құрылды.
Комиссияның жұмысы жергілікті уәкілетті және құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмыстарының жеткіліксіздігін анықтап, құқық бұзушылықтар мен оларға қатысушыларды қосымша есепке алды.
Атап айтқанда прокурорлар мектептер мен ювеналды полиция кәмелетке толмағандармен немесе оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар, сондай-ақ тиісті есепке алынбаған құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдер туралы хабарламау фактілерін анықтады.
Жүйелі талдау нәтижесінде уәкілетті органдар мен полиция басшыларының жауапкершілігі қарастырылып, лауазымдарынан босату жөнінде ұсыныстар берілді.
Әкімдікке полициямен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен 59 баланы тәрбиелеп отырған әлеуметтік осал 27 отбасымен профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды.
Жасөспірімдердің жиі даяшы немесе сатушы болып жұмыс істейтінін ескере отырып, «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізіліп, онда кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға қатысты заңнама талаптары түсіндірілді.
Жұмыс берушілерге еңбек шарттарын жасау және Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытын сақтау қажеттігі жеткізілді.
«Жасөспірімдерді түрлі жұмыспен қамту олардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді, табыс табуға жол ашады, сондай-ақ өз бетінше әрекет ету мен жауапкершілікке тәрбиелейді», – деп Нұрғалым Әбдіров атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер мен кәмелетке толмағандардың ата-аналары арасында 10 еңбек шарты жасалып, жастарды жұмысқа орналастыру үшін аудандық білім бөлімімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы тектес жұмыс Жамбыл облысының басқа өңірлерінде де жүргізілуде.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп