
Прокуратура органдары жұмысының нәтижесінде қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы жүзеге асырылуда.
Осы орайда, Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласының Горгаз мөлтек ауданында ауыз су құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан прокуроры және аудан әкімінің міндетін атқарушы, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, бұл құрылыс жұмыстарының іске қосылуы елде жүргізіліп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының нақты нәтижесін халық өз көзімен көруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Шу ауданына 5 ауыз су құрылысының нысанына қаражат берілді.
Бүгінгі таңда 3 ауыз су құрылысының жұмыстары басталды.
Жамбыл облысының прокуратурасы