Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

   

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында облыс прокуратурасы жанынан алғаш рет «Бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңес» құрылды.

Сараптамалық кеңестің құрамына облыс әкімінің орынбасары, Тараз «ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП филиалдары, «Даму Қоры», сондай-ақ облыс кәсіпкерлері қауымдастығының басшылығы кірді.

Аталған кеңесші органның негізгі функциялары-консультативтік, ұйымдастырушылық көмекті ұйымдастыру, сондай-ақ бизнес субъектілері мен олардың қауымдастықтарынының құқықтарын қорғау болып табылады.

Жұмыстың ашықтығы және бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс мақсатында сараптамалық кеңестің жұмысы әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларда жарияланатын болады.

Сондай-ақ, әр прокуратурада мобильдік топтар жұмыс атқаруда және «жедел желі» телефондары ашылды.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті, онда жылжымалы сауданы ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер қаралды.

Кеңес отырысын ашқан облыс прокуроры Н.М. Әбдіров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында прокуратура органдарына кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылғанын атап өтті.

Облыс прокуроры атап өткендей, қадағалау актілері бойынша өңірдің 7 ауданында сауда орындарын анықтау бойынша шаралар қабылданып, кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту туралы 90-нан астам заңсыз қаулылардың күші жойылды. Нәтижесінде 1000-нан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Кеңес барысында шақырылғандар мен сарапшылар көшпелі сауданы ұйымдастыру, сондай-ақ бизнесті толғандыратын басқа да мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Шақырылған және БАҚ өкілдері үшін құрылған Сараптамалық кеңес шеңберінде зерделеуге жататын өзекті мәселелер, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және мемлекеттік қолдау мәселелері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың сот саласындағы өзара қарым-қатынасы және басқа да мәселелер жарияланды.

Өз кезегінде, қадағалаушы орган өңірдің бизнес-қоғамдастығына осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.