2024 жылдың маусым айында Бас прокуратураның бастамасымен заңнамалық актілерге толықтырулар енгізілді.
Өзгертулерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпкерлер «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін алып, гранттар, субсидиялар, салықтық жеңілдіктер және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады.
Жаңашылдықтар облыс прокуратурасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлерге жан-жақты түсіндірілді.
Кейін прокурорлардың қолдауымен «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін иеленген кәсіпкердің бірі 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды.
Аталған қаражатты ол мектепке дейінгі ұйымдарға арналған сотталғандардың қолымен дайындалатын балаларды дамытушы ойыншықтарын жасау өндірісін дамытуға бағыттады.
ШҚО прокуратурасы ҚАЖ мекемелеріне бизнес-субъектілерді тарту жұмыстарын жалғастыруда және қадағалау органы құқықтық мәселелер бойынша қолдау көрсетуге ашық екенін хабарлайды.
#АдалАзамат
#Әділдік
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы