Еске аламыз. Құрметтейміз. Мақтан тұтамыз.

Еске аламыз. Құрметтейміз. Мақтан тұтамыз.

       Ізгілікті жалғастыра отырып, облыс прокуратурасы органдарында Ұлы Отан соғысы, майдан даласында өмірін қиған және тылда еңбек еткен ерлердің ерліктері туралы естеліктерді қастерлеп сақтау жалғасуда.

        Жеңістің 80 жылдығына орай облыс прокуроры А. Байшолақов, ардагерлер мен прокуратура қызметкерлері «Жеңіс» Мемориалдық кешені мен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы ғимаратында орнатылған, Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін прокуратура саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Фазыл Әділбаевтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

       Майдангерлердің ерлігіне деген терең құрметтің белгісі ретінде рәсімге қатысушылар олардың рухына тағзым етіп, жүректерінде мұң мен алғыс сезімімен бір минут үнсіздік жариялады.

        Отанды қорғау ісіне прокурорлық-тергеу кадрлары да баға жетпес үлес қосты.
        Соғыс жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы органдарынан Қызыл Армия қатарына 23 қызметкер шақырылды. Олардың қатарында 1 аудан прокуроры, 3 облыстық аппарат қызметкері, 17 тергеуші, 2 аудан прокурорының көмекшісі болды.

        Салтанатты жиында облыс прокуроры А. Байшолақов Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні мерекелерінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл күндер отанға адал қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың ерлік шежіресін бейнелейтінін айтты.
         Мінсіз қызметі мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Бас Прокурордың бұйрықтарымен ведомстволық марапаттарға ие болды, сондай-ақ жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін жекелеген қызметкерлерге облыс прокурорының Құрмет грамоталары табысталды.

        Іс-шара прокуратура қызметкерлерінің өз күшімен ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.

      Шара соңында ардагерлерге арналған дәстүрлі дала асханасы ұйымдастырылып, прокуратура ғимаратының аумағында орнатылған әскери шатырда солдат ботқасы ұсынылды.

      Ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы ұжымына бейбіт өмір, жақсылық және заңдылықты нығайту жолындағы істеріне толағай табыс тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы