Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізілді

    2025 жылғы 10 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер Бас прокуратураның бастамасымен ұсынылып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті тарапынан қолдау тапты.

    Маңызды жаңалықтардың бірі — ӘҚБтК-нің 811-бабы жаңа 4-бөліммен толықтырылды. Аталған толықтыру қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған істерді прокурордың қарсылығы бойынша қайта қарау мүмкіндігін көздейді. Бұл — қысқартылған іс жүргізу тәртібін қолдануға қойылатын заң талаптарының бұзылған жағдайларына қатысты қолданылады.

    Аталған өзгерістерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтың әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға келіспеуіне байланысты өтінішін қарады.

    Мәселен, 2024 жылғы 17 қыркүйекте өтініш иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. 2024 жылғы 22 қыркүйекте іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, нәтижесінде азаматқа 18 460 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

   Алайда, Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы істің қысқартылған тәртіпте қаралуында заңбұзушылықтарға жол берілгенін көрсетіп, қаулыға наразылық білдірді.

   2025 жылғы 26 наурызда прокурор наразылығы қанағаттандырылып, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.

#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі

 Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы