Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.
Осы жұмыс аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы марал, ірі және ұсақ қара мал өсіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «ALMAS UK» ЖШС-нің проблемалық мәселесін шешті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті компанияға жер учаскелерін беруге келісуден негізсіз бас тартқан.
Мәселенің туындау себебі – өтінім мен жер заңнамасының нормаларын дұрыс түсіндірмеу.
Инвестор жерді жалға алуға өтінім берген, алайда Комитет оны қате түрде жеке меншікке беру туралы өтінім ретінде қарап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге тыйым салынғанын алға тартып, бас тартқан.
Қадағалау актісі негізінде кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оған жалға 3,2 мың гектар жер учаскелері берілді.
Бұл инвесторға 500 миллион теңгеден астам қаржы құюға және 30 астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге саламыз, егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда қандай да бір қиындықтарға тап болсаңыз, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының Call-орталығына келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7232) 24-55-03, 8 (707) 144-00-16
#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы