Бұл нәтижелер құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша үйлестірілген шаралар мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы мүмкін болды.
Өскемен қаласы аумағында 5 832 бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың бір бөлігі бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған.
2024 жылы осы камералардың көмегімен 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері, 15 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 150-ден астам қылмыстық іс ашылды.
Заңсыз есірткі айналымымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен және алаяқтықпен күреске ерекше назар аударылуда. Ақпараттық технологияларды, соның ішінде бейнебақылау жүйелерін пайдалану құқық бұзушылықтарды тиімді түрде алдын алуға және тоқтатуға мүмкіндік береді.
«Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету – прокуратура органдарының басты басымдығы болып қала береді.