Банкроттық басқарушыларды жауапкершілікке тарту туралы

Банкроттық басқарушыларды жауапкершілікке тарту туралы

ШҚО прокуратурасы банкроттық  рәсімдерді жүргізу заңдылығына  аса назар аударады.

Қадағалау  органының бастамасымен прокуратура, мемлекеттік кіріс Департаменті және экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері қатарынан тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық топ құрылды.

2018-2020 жылдар аралығында облыс бойынша барлығы 246 кәсіпорын банкрот деп танылған, 61 -  қанағаттандырудан бас тартылды.

5 банкроттық бизнес субъектілерінің іс-әрекеттеріне жүргізілген талдау қасақана банкроттық белгілерін анықтады.

Оңалту басқарушы өзінің қызметтік өкілеттіктерін кәсіпорынның заңды мүдделеріне қарсы пайдаланғаны анықталды, кейіннен бұл банкроттыққа әкеліп соқты.

Банкроттықты басқарушылар банкрот кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларынан қарызды өндіріп алудың субсидиарлық тәртібін қолданбаған.

Банкроттықтың әрбір 5 рәсімі мерзімді бұзып, яғни,  заңды 9 ай өткеннен кейін аяқталған.

Сондай-ақ, талдау барысында соңғы екі жылда бірде-бір банкроттық басқарушы осындай бұзушылықтар үшін жауапқа тартылмағаны анықталды.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін 6 басқарушы айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша облыстың экономикалық тергеу Департаменті ҚК-нің 250-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде және борышкерлерге 5,3 млрд.теңге сомасына талап қойылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы