«Алимент – балалық шақты қорғау» жобасының алғашқы нәтижелері

«Алимент – балалық шақты қорғау» жобасының алғашқы нәтижелері

   

        Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Шығыс Қазақстан облысында балалардың құқықтарын қорғау және алимент төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған «Алименттер – балалық шақты қорғау» жобасы жүзеге асырылуда.

       Жоба аясында әрбір жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады:

  • банктегі шоттарға тыйым салу,
  • шетелге шығуға шектеу қою,
  • жүргізуші куәліктерінің күшін тоқтата тұру,
  • нотариалдық әрекеттерге тыйым салу.

        Жыл басынан бері алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін 189 борышкер әкімшілік, 44-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды   8 жағдайда борышкерлердің құмар ойындарға жұмсаған шығындары жауапқа тартудың негізгі себебі болды.

          Бұл шаралар өз тиімділігін көрсетті: тек 2024 жылдың қараша айында алимент бойынша 17 млн теңге қарыз өтелді.

        Мысалы, азамат Н. енгізілген шектеулерден кейін 1,7 млн теңге қарызын толығымен өтеді.

      Қазақстан Республикасында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс отбасы құқығы мәселелерін реттейді. Кодекстің 138 және 169-баптарында балаларды тәрбиелеу міндеттері мен олардың құқықтарын қорғау бойынша ата-аналар мен қамқоршылардың жауапкершілігінжәне алимент төлеуден жалтарғаны немесе балалардың құқықтарын бұзғаны үшін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

       Алименттерді өндіруді бақылау облыс прокуратурасының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы