
Самар аудандық прокуратурасы мен білім бөлімінің бастамасымен басталған «Балаларға арналған қауіпті объектілердің бірыңғай электрондық картасы» жобасы (samar.balalar.kauipsizdigi) «IT INNOVATION FIRST» республикалық инновациялық идеялар фестивалінде ШҚО мектеп оқушылары арасында жүлделі 2 орын жеңіп алды.
Іс-шараны ақпараттық технологиялар саласындағы жас мамандарды қолдау мен дамыту мақсатында Astana HUB қолдауымен OSKEMEN HUB Халықаралық IT стартаптар технопаркінің өңірлік филиалы және SDI Alumni Club қауымдастығы ұйымдастырды.
Естеріңізге салсақ,жобаныпрокуратуражергіліктібілім беру органыныңқолдауыменосыжылдыңсәуір айынан бастап жүзеге асыра бастады.Оныңмақсаты-балалардыңқауіпсіздігіне қауіп төндіретінучаскелердіжеделанықтаужәнежою.
Оны енгізуге оқушылардың өздері де белсенді қатысты, олар прокуратура мен мұғалімдерге өздері көрген проблемалық учаскелер туралы хабарлайды. Аудан прокуратурасы ұйымдастырған қосымша тексеруден кейін нысандар картаға енгізіліп, бақылауға алынады.
Жоба басталғаннан бері аудан бойынша 20-дан астам қауіпті учаскелер (люктер, қараусыз қалған ғимараттар мен үйлер және т.б.) жойылды.
Жоба бойынша жұмыс жалғасуда. ШҚО Самар ауданының прокуратурасы жобаға құқықтарды 2024 жылғы 19 наурызда авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімінде тіркегенін атап өткен жөн.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы