ШҚО заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолы кесілді

ШҚО  заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолы кесілді

Көлеңкелі экономикаға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында, облыс прокуратурасының үйлестіруімен ШҚО Экономикалық тергеу департаментімен, Риддер қаласында жалпы құны 350 млн тенге құрайтын жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 51 мыңнан астам шөлмек көлемінде суррогат алкоголі мен 348 мың қорап темекі өнімдерін сақтап таратқан жеке кәсіпкердің заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Сапасы күмәнді контрафактілік өнімдерді сату және оларды тұтыну өте қауіпті, өйткені олар азаматтардың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.   

Риддер қалалық сотының 05.09.2024 жылғы үкімімен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, тәркіленген өнімдерді жою арқылы бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

15.10.2024 жылы облыс прокуратурасы, Экономикалық тергеу, экология департаменттері және сот орындаушылары өкілдерінен тұратын комиссия тәркіленген өнімдерді Өскемен қаласындағы полигонда жойды.

 

ШҚО прокуратурасы