Мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Мемлекеттік сатып алу саласында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

 

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманың сақталуын талдау барысында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тарапынан заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, аудандық аурухана әкімшілігі жасалған келісім-шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындаған 27 кәсіпкердің алдындағы 134 млн теңге қарызын өтемеген.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, аурухана басшылығы қарызды өтеу шараларын қабылдап, қазіргі уақытта 20 кәсіпкерге 98,3 млн теңге көлемінде қарыз төленді.

Аурухана қалған қарызды қысқа мерзімде өтейтін болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы