
Инвестициялық жобаларды қолдау аясында Самар ауданының прокуратурасы «ALMAS UK» ЖШС-не жер телімдерінің мемлекеттік бағасын алуға көмек көрсетті.
Осылайша, инвестор Самар ауданында «Отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсететін сауықтыру кешенін салу және дамыту» жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.
Жоба 500 миллион теңгеден астам инвестицияны қарастырады, бұл оны Ұлттық пулға автоматты түрде қосуға және «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық преференцияларды одан әрі алу үшін инвесторға сұралған жер телімдерін бағалау қажет болған.
2023 жылы аудан әкімдігі кәсіпкерге ЖШС-не жер телімдерін беруге алдын ала келісім берген. Алайда, ЖАО-ға бірнеше рет жүгінгенімен, мәселе шешімін таппады.
Самар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігіне қадағалау актісін енгізгеннен кейін ғана қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімі арқылы жер телімдері бағаланды.
Қазіргі уақытта инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бастау үшін құжаттаманы дайындауға кірісті.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы