Бүгін облыс прокуратурасында ерекше салтанат өтті.
Таңертең әйелдер қауымы ер адамдарды Отан қорғаушылар Күнімен және Жеңіс Күнімен құттықтады.
Нәзік жандар ер адамдарға денсаулық, батылдық, бақ-береке және Отанға қызмет етуде табыс тіледі. Соңында қалыптасқан дәстүр бойынша барлық ер адамдарға естелік сыйлықтар тарту етілді.
Одан кейін ардагерлердің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында ұзақ жылдар қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагері Фазыл Әділбаевты еске алу құрметіне мемориалдық тақтаға салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Фазыл Әділбаев Кеңес Одағының Батыры атағына теңестірілген Даңқ орденінің толық иегері.
Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шара Бас прокуратураның салтанатты жиналысымен жалғасты, оған облыс прокуратураның ардагерлері мен жеке құрамы бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Оның соңында облыс прокуратура өзінің салтанатты отырысын өткізді. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс прокуроры А. Байшолақов Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын және қазақстандықтардың ерлігінің шежіресін бейнелейтін Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Мінсіз қызметі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлестері үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер Бас Прокурордың бұйрықтарымен ведомстволық наградалармен марапатталады, сондай-ақ жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін жекелеген қызметкерлерге облыс прокурорының Құрмет грамоталары табыс етілді.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Ресми бөлімнен кейін облыс прокуратура ғимаратының аумағында орнатылған әскери шатырда ардагерлер үшін солдат ботқасы бар дәстүрлі дала асханасы ұйымдастырылды.
Ардагерлер өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымына бейбітшілік, игілік және заңдылықты нығайтуда одан әрі табыс тілеп, алғыстарын білдірді.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы