ШҚО прокурорлары ЖОО студенттерімен кездесті

ШҚО прокурорлары ЖОО студенттерімен кездесті

Облыс прокуратурасы жоғары оқу орындарымен тұрақты байланыс жасап, студенттермен және түлектермен жиі кездесіп тұрады.

Осындай кездесу 25 сәуірде Ашық есік күні форматында өтті. Іс-шараға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің заң факультетінің 3-4 курсынан 80-нен астам студент қатысты.

Студенттерге прокуратураның қызметі және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясына түсу тәртібі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Жақында ғана прокуратураға қызметке келген облыс прокуратурасының жас қызметкерлерімен тікелей байланыс ұйымдастырылды.

Олар болашақ заңгерлерге жоғары қадағалау органы жұмысының негізгі бағыттары, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының жетістіктері туралы ақпарат айтып, жеке кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Жиналғандар облыс прокуратура ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғазиз Тәшенұлы Найзабаевты ерекше ықыласпен тыңдап, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тәжірибесінен қызықты оқиғаларға тоқталды.

Ашық есік күні соңында студенттер облыс прокуратурасының мұражайына экскурсиясы жасап, студенттерге ардагер Ғ.Т.Найзабаев және кадр қызметкерлері облыс прокуратурасының құрылу және қалыптасу тарихын айтып берді.

Сондай-ақ студенттерге облыс прокуратура ғимаратының бірінші қабатында орналасқан және қызметкерлер жұмыс күнінің соңында жаттығу жасай алатын ең заманауи тренажерлармен жабдықталған спорт залы көрсетілді.

Шара соңында студенттерге прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібін нақты түсіндіретін ақпараттық жадынамалар табыс етілді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы