Өскемен қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған автошеру ұйымдастырды

Өскемен қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған автошеру ұйымдастырды

Өскемен қаласының прокуратурасы қалалық полиция басқармасы және облыс орталығының автокөлік әуесқойлары қоғамдастығының белсенді мүшелерімен бірлесіп, өзінің ауқымды акциясын халық арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттауға арнады.  

Акцияның мақсаты  - халықты қылмыстар туралы ақпараттандыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі таңда өзекті болып отырған алаяқтықтың, есірткі қылмысының, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың белсенді алдын алу болды.

«Есірткіге жол жоқ!», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы!», «Алаяқтықты тоқтату!» атты үндеулер жазылған транспаранттармен автокөліктер колоннасы қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Қала тұрғындары прокуратураның бастамасына оң баға беріп, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған осындай шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруды тіледі.   

Қала прокуратурасы өз кезегінде шеруге қатысушылардың барлығына қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы ортақ іске қатысқаны және қосқан үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың бірлескен күш-жігері мен әрбір жеке азаматтың қамқорлығы арқылы ғана облыстағы қылмыс деңгейін төмендетіп, оның тұрғындарына қауіпсіздік пен жайлылық сезімін беруге болады.

 

Шығыc Қазақстан облысының прокуратурасы