ШҚО Самар ауданының прокуратурасы зейнеткерге пәтерін қайтаруға көмектесті

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы зейнеткерге пәтерін қайтаруға көмектесті

Самар ауданы прокурорының жеке қабылдауында 3 топтағы мүгедек зейнеткер, қиын өмірлік жағдайға тап болған 82 жастағы ауыл тұрғыны Б.К.Қайчубаев келіп, тұрғын үй құқығын қалпына келтіруін көмектесуді өтінген.

Белгілі болғандай, бұған дейін зейнеткердің жатақханадағы жалғыз бөлмесі заңдастыру комиссиясының шешімімен басқа тұлғаға заңсыз берілген.

Зейнеткердің сотқа берген арыздары нәтижесіз қалды. Облыстың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттары Б.Қ.Қайчубаевтың арызын сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алғандықтан қанағаттандырмаған.

Осыған қарамастан, аудан прокуратурасы құқық қорғау қызметі аясында зейнеткерге Жоғарғы Сотқа кассациялық шағым түсіруге көмектесіп, 2024 жылдың 1 ақпанында жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылып, іс жаңадан қарауға жіберілді.

Нәтижесінде, осы жылдың 8 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты заңдастыру комиссиясының шешімін бұзып,  талап арызды қанағаттандырды. 

Б.К.Қайчубаевтың тұрғын үйге деген құқығы қалпына келтірілді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы