Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Юбилейный-Снегирихинский кенішін заңсыз жоюын бұзуды талап етуде

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Юбилейный-Снегирихинский кенішін заңсыз жоюын бұзуды талап етуде

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Юбилейно-Снегирихинский кенішінің жойылуы кезінде Малая Карагужиха өзенінің ластануына әкеп соқтырған заң бұзушылықтарды анықтады.

«Казгидромет» ШҚО РМКФ деректерін талдау өзен суында металдардың жоғары мөлшерін көрсетті.

Болжамға қарағанда, «Востокцветмет» ЖШС кеніш объектілерін жою технологиясының бұзушылықтары салдарынан шахтадан аққан судың өздігінен құйылуы ластанудың себебі болған.

Прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен, тәуелсіз сарапшылармен және «Востокцветмет» ЖШС-мен бірлесіп, кенішке комиссиялық сараптама жүргізді.

Тексеру барысында су шығып жатқан көптеген өздігінен су ағылатын  орындар анықталды. Алдымен ол кеніш аумағы арқылы өзенге ағып, кейіннен Малая Карагужиха, Қарагужиха және Уба өзендеріне құйылған.

ШҚО экология Департаменті жүргізген зертханалық зерттеулер судағы ауыр металдардың (мырыш, кадмий, темір, марганец және т.б.) рұқсат етілген нормалардан 83 мың есеге дейін асып кеткенін растады.

Сондай-ақ кеніш аумағын рекультивациялау дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына кенішті жою актісін заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Сот бұл бөліктегі талапты 2022 жылдың 17 сәуірінде қанағаттандырды.

Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін кәсіпорынның жауапкершілігі туралы мәселе қолданыстағы заң шеңберінде шешілетін болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы