Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары қаланы көгалдандыру акциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары қаланы көгалдандыру акциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық акцияға қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы  Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде 20-27 сәуір аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталып, оның аясында жасыл көшеттерді отырғызуға арналған «Жасыл Аймақ» аптасы өтуде.

Ардагерлер мен облыс прокуратурасының қызметкерлері прокуратура ғимаратына іргелес аумағында сенбілік ұйымдастырып, 30-дан астам шырша көшеттерін отырғызды.

Облыс прокуроры А.Байшолақов  прокуратураның бастамасы ұжымдағы дәстүрлер сабақтастығын жалғастыру және болашақ ұрпақ үшін өмір сүруге қолайлы жағдайға қосқан ұзақ мерзімді үлесі болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыстың барлық тұрғындарын «Taза Қазақстан» акциясына қосылуға және өмір сүру кеңістігін одан да таза әрі әдемі етуге шақырады!

 

                                Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы