Ғалым Бәжімұлы Елемесовтың 95 жылдығына орай шахмат турнирі өтті

Ғалым Бәжімұлы Елемесовтың 95 жылдығына орай шахмат турнирі өтті

13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында  мемлекеттік қайраткер, 1984-1990 жылдары Қазақстан Республикасының  прокуроры, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғалым Бәжімұлы Елемесовтың туғанына 95 жыл толуына арналған шахмат турнирі өтті.

Зияткерлік сайысқа облыс аппараты, қала және аудан прокуратураларының қызметкерлері қатысты.

Шахмат тақталарында тартыс басталып, әрбір қатысушы өзінің стратегиялық ақыл-ойы мен тактикалық дағдыларын көрсетті.

Шиеленісті тартыста облыс прокуратурасы басқармасының прокуроры Серіков Б.С.турнир жеңімпазы атанды.

Өскемен қаласы прокурорының орынбасары Айкенов Қ. одан сәл ұпай айырмашылығымен ұтылып, 2-ші  жүлделі орынға ие болды.

3-орынды облыс прокурорының аға көмекшісі Е.Б.Атрауанов жеңіп алды.

Турнир жеңімпазы Б.С.Сериков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында өтетін финалдық турнирде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының атынан қатысады.

Шахмат турнирі көрнекті мемлекет қайраткері Ғалым Бәжімұлы Елемесовтің құрметіне арналып, жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер атап өткендей, ұжымдағы командалық рухты нығайтуға ықпал етті.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы