ШҚО-да пилоттық режимде балаларға қауіп төндіретін объектілердің онлайн платформасы әзірленді

ШҚО-да пилоттық режимде балаларға қауіп төндіретін объектілердің онлайн платформасы әзірленді

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Самар ауданы прокуратурасының бастамасымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы және 2023-2025 жылдарға арналған жарақаттанудың алдын алудың кешенді бағдарламасы аясында білім бөлімімен бірлесіп, IT құралдарын пайдаланумен балалар үшін қауіпті объектілердің паспорт жасалды.

Атап айтқанда, қолданыстағы геодеректерді пилоттық режимде біріктіру арқылы балаларға қауіп төндіретін объектілердің Бірыңғай электронды (онлайн) картасы әзірленді (Instagram әлеуметтік желісіндегі: samar.balalar.kauipsizdigi сілтемесінде жарияланды).

Картада қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері және т.б. көрсетілген.

Ыңғайлы болу үшін кез келген азамат тізімді толықтыру үшін қауіпті жерлер туралы хабарлай алады. Қауіпті жерлерді анықтауға, өз сипаттамасын, бейне, фотосуреттерді қосуға болады.

Картадағы кемшіліктер жойылғандықтан, уәкілетті мемелекеттік органдардың тиімділігін бағалауға болады.

 Бұл бастамаға ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілі А.А. Каленова қатысып, басталған жобаның оңдылығын атап өтті.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы