ШҚО прокуратурасы инвестициялық жобаларды қолдау бойынша шаралар қабылдауда

ШҚО прокуратурасы инвестициялық жобаларды қолдау бойынша шаралар қабылдауда

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізеді.

Инвесторлардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және жолын кесу және оларды ілгерілетуге көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының алаңында фронт-офис жұмыс істейді, оның жұмысына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар қосылған.

Мұнда прокурорлардың негізгі міндеті инвестор іске асырылып жатқан жоба шеңберінде ғана емес, сонымен қатар өзінің ағымдағы қызметі барысында кездесетін проблемаларды тиімді шешу болып табылады.

Мысалы, «Востокмашзавод» АҚ инвесторының хабарламасын қарау кезінде атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуына және компанияның борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болмауына қарамастан, қоғамның шоттары мен мүлкіне тыйым салу алынбағаны анықталды.                          

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 36-бабының 3-тармағы, 47-бабының 2-тармағына қайшы, мәжбүрлеп орындау шаралары жойылған жоқ және инвесторды борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару жүргізілмеген.

Сот орындаушыларының әрекетсіздігі, тыйым салуы оның қызметін дамытуға және инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірді.

Сот орындаушыларына проблемалық мәселені шешу және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін техникалық қолдау бойынша АҚ-ның өз бетінше берген өтініштері оң нәтиже бермеді.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана ШҚО әділет Департаменті «Востокмашзавод» АҚ шоттары мен мүлкіне шектеулерді алып тастау жөнінде шаралар қабылдады.

Бүгінгі таңда прокуратура органдарының басымдықтарының бірі инвесторларды қолдау болып табылады, осы жұмыс шеңберінде әр инвестор назарда болады.

Инвесторлардың хабарламаларына жедел ден қою үшін облыс прокуратурасында тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны 87054180521).

Бұдан басқа, күн сайын кезекші прокурорға (Өскемен қ., Пермитин к-сі, 21, тел. 8(7232)24-32-99) жеке қабылдауға жазылуға болады.

                                                                           

  Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы