Прокуратура Риддер қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Прокуратура Риддер қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын қорғады

2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат орын алды, бұл қала тұтынушыларына жылу берудің төмендеуіне алып келді.

Аталған жағдайдың себептерін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізді.

Оның нәтижелері «Риддер ЖЭО» АҚ - ның қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін көрсетті.

240-тан астам заңнамаларды бұзу фактілері анықталды.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды.

Прокуратураның ұсынысы бойынша «Риддер ЖЭО» АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 млн.теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелді.

Бұдан басқа, тексеру барысында 548 млн. теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды.

 «Риддер ЖЭО» АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18% - ға төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы